СІЛТЕМЕ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

 

         Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ қызметінде жемқорлық көріністерінің алдын алуға және оның қызметкерлері арасында жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыруға бағытталған ұсыныстар жүйесін орнату мақсатында әзірленді.

 

1.Қоғамдық қатынас саласының атауы: білім

 

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ (әр қарай-Лицей)

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:

- қоғамдың қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары:

- заңдылық;

- ашықтық;

- әдептілік;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

- мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

5. Қоғамдық қатысты ерекшеленген салада жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекет) ережесі

- Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министр мен Жауапты хатшының бұйрықтарын, сондай-ақ Министрліктің ережесін басшылыққа алу;

- Қазақстан халқының бірлігі мен еліміздің ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа де тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу;

- жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестермен қарым-қатынас жасауда адал, әділ, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің айқындылығын қамтамасыз ету;

- өз әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынның артына түспеуге жол бермеу, өз әрекетінің кемшіліктерін жою және жақсарту үшін конструктивті сынды қолдану;

- жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызмет және басқа адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

- шындыққа сәйкес емес мәліметтерді таратпау;

- заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу;

- мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы орындауды қамтамасыз ету, еңбек тәртібі мен шарттарын сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету.

6.Мемлекеттік қызметті және басқа да рұқсат беру қызметтерін көрсету кезінде:

- тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

- қолжетімді түрде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну;

- қарастырылмаған құжаттарды сұратып алуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет пен басқа да рұқсат беру функцияларын көрсету барысында әртүрлі әуре-сарсаңнан (салғырттықтан) аулақ болу;

- сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезінде басшылыққа жеткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік танытып, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету.

- барлық іс-шараларға (билеттерді сатып алу, сыйлықтар, безендіру) әр түрлі комиссия кездесулерді ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе мектепке, сыныпқа қажетті заттар алуына қатысты оқушылардан, жұмысшылардан ақша жинауына жол бермеу. 

 

7. Лауазымды тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде мыналар ұсынылады:

- мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;

- Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну;

- мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

- сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу;

- атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Бірыңғай борышкерлер тізіліміне қосылған әлеуетті жеткізуші және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысушыға жол бермеу.

 

8.Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:

- қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне және сыйлық алу итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу;

- жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және басқа да адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

- әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлық жасамау және мүліктік пайда немесе артықшылық пайда алу үшін қызметтік өкілеттілікті пайданала отырып қызметтік емес қызмет көрсетпеу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықты ашуға белсенділік таныту;

- сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болғаны туралы, сондай-ақ қандай да бір материалдарды қарауды жылдамдатқаны үшін пайда көруге итермелегені немесе әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа жедел түрде жеткізу;

 

9.Лицей қызметшілерін/жұмыскерлерін таңдау мен орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде мыналар ұсынылады:

- тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімін сақтау;

- Лицейге қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;

- кадрларды іріктеу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

- мемлекеттік қызметкерлердің жеке деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

- қызметке/жұмысқа үміткерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;

-Лицей жұмыскерлеріне қатысты қызметтік тексеруді әділ және жан-жақты жүргізу.

10.Тіршілік әрекеті саласына байланысты пайда болған басқа да өзара қатынас барысында:

- басшы өзінің, әділдік, адал ниеттілік, сыйластық қарым-намысы мен қадір-қасиетіне тұлға, мінез-құлқына үлгі турашылдық болу;

 

- бағынышты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттігінің көлемін нақты және анық белгілеу;

- бағыныштағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;

- олардың әрекеттерінің нәтижелерін бағалау барысында, сондай-ақ мадақтау және жаза қолдану кезінде шындық және әділдік таныту,

- бағынышты жұмыскерді орынсыз айыптауға, дөрекілік факторларына, адамның ар-намысына тиюіне, жөнсіздікке, дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу;

- олардың лауазымдық міндеттерінен тыс немесе орындалмайтын, сондай-ақ заңға қайшы тапсырма бермеу;

- қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында бағыныштылардың әрекеттеріне әсер ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

- бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық жасауға итермелемеу;

- өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды өз уақытында қабылдау;

- мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, мүлікті қызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдалану.

11. Басқа шектеулер мен тыйым салулар

- жұмысшы өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде Еңбек шартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты негізінде сыбайлас жемқорлық жасауына, құқық бұзушылыққа немесе пара беруге (пара беруіне делдалдық көрсетпеу ) қызмет бабын заңсыз пайдаланбау, өзінің лауазымдық жағдайына қарамастан коммерциялық сатып алушылықа немесе өзге де құқыққа қайшы болатын әрекетке бармау,  "Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ Лицей-интернаты»КММ-ның артықшылықтары өтеусіз пайдалану  мақсатында  немесе ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктер, соның ішінде мүліктік құқықтар, жұмыстар немесе мүліктік сипаттағы қызмет, өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына пайдалануы немесе басымдыққа  алу үшін өзге де құқыққа қарсы мақсаттарына қол жеткізу;

- егерде « Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ-ның атынан сыбайлас жемқорлық жағдайдың жасалуы/даярлау/ жүмысшыға белгілі болған жағдайды, жұмысшы сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезінде басшылыққа жеткізу;

- қызметтік міндеттерді орындау немесе болайын деп жатқан кезінде мүдделер қақтығысының,  итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу.

Жаңалықтар

Байланыс

  • "Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты" КММ
    Қобыланды батыр даң, 31.
  • (8-7142) 55-04-11