СІЛТЕМЕ

  • Мәңгілік ел болашағы – адал ұрпақта (Қазақ тілі пәні күні)

    Мәңгілік ел болашағы – адал ұрпақта (Қазақ тілі пәні күні)
    30/01/2017

    Қазақ тілі пәндік әдістемелік бірлестігінің ұйымдстыруымен қаңтар айының 30-ы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні күні өтті. Пән күнінің  іс-шара жоспары алдын-ала жоспарланып, бекітілді. Пән күнінде әдістемелік бірлестік мұғалімдері «Мәңгілік ел болашағы – адал ұрпақта» тақырыбында дебат ұйымдастырды. Дебат турнирінің мақсаты: лицей  оқушыларының арасында дебат ойынын дамыта отыра, оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және көшбасшылықты дамыту.  Дебатқа 9-сынып оқушыларынан  Куркулов Ербол, Саганбаев Санжар, Болатов Мирас, Сейдегалиев Торегали және 8-сынып оқушыларынан Абеуов Асылхан, Муратов Сәрсен қатысты. Дебатқа екі команданың да  спикерлері өте жақсы дайындықпен келген. Басқа оқушылар да шеберліктерін көрсетіп, өте тамаша дебат ойыны өтті. Сонымен қатар «Тіл туралы Заңның орындалуы: кемшіліктер мен жетістіктер» туралы  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Ана тіліміздің дамып, өсуіне үлес қосу,  оқушылардың арасында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, өзара қазақ тілінде қарым-қатынас жасауын күшейтуге ықпал ету, аудармаға қатты назар аудару, қазақ тілін немқұрайлы аударуға жол бермеу. Іс-шара барысында “Тіл -халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”  тақырыбында «Тіл туралы» Заңның тарауларына тоқталып,  Елбасы Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы айтқан  ойларын ортаға салып, өз пікірлерін Қадер Бекзат және Жанахметов Бекжан баяндама арқылы жеткізді. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «Солтүстік Қазақстан  өңірлеріндегі жарнамаларда кезедесетін қателер» тақырыбында қорғалатын оқушылар жобасына кезек беріліп, ой қозғалды.  Пән күні аясында   мемлекеттік тілдегі жарнамалардың сауатты жазылуын жолға қою үшін лицейіміздің бірінші қабатында «Қате жарнамалар жәрмеңкесі» жүргізілді.Біздің елімізде мемлекеттік тілді құрметтеу - әрбір азаматтың парызы. Жалпы мемлекеттік тілге құрмет – елге деген құрмет екендігін ұмытуға болмайды. Оқушылар арасында тіл мәртебесі, яғни қазақ тілі Қазақстан елінің мемлекеттік тілінің  қаншалықты дәрежеге көтерілгені жөнінде әңгімелер жүргізілді. Аталған іс-шараға қатысқан оқушылар жақсы дайындалған. Іс-шарада патриоттық тұрғыда, тәрбиелік мәнге көп көңіл бөлінді. Жалпы алғанда пән күні өз мақсатына жетті

    Орындаған: қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Жұлдыз Успанова.

  • «Тарих – ғасырлар куәсі» (Тарих пәні күні)

    «Тарих – ғасырлар куәсі» (Тарих пәні күні)
    26/01/2017

    Тарих күні «Сен қазақ хандарын танисың ба?» тақырыбында 7-11 сыныптар арасында сауалнамадан басталды? Сауалнаманың нәтижесі бойынша он сұрақтың онына жауап берген 2 оқушы болды. Олар 9 «В» сынып оқушысы Батыржан  Бекежан және 11 «А» сынып оқушысы Ержанов Жасулан. Жеңімпаздар Қостанай Март кинотеатрына «Алмас қылыш» киносына арналған билетті ұтып алды.

    9 сыныптар арасында Қазақстанмен тығыз дипломатиялық қарым-қатынасты орнатқан елдер жайлы көрініс өтті. Әр сынып бір ел жайлы әңгіме құрды. 9 «В» - Өзбекстан, 9 «С» - Қытай, 9 «Д» - Түркия. Осы көрініс нәтижесінде жеңімпаз 9 «С» атаңды. Оқушылар көрініске бар ынта, ықыласымен дайындалғандығы көрінді.

    7 «А» сыныбында «Ел тарихың білесің бе?» атты зияткерлік ойын болды. Ойынның мақсаты Қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, Қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының хасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады.

    8 «А» сыныбында «Тарих тарландары» атты интеллектуалдық ойын өтті. Ойынның мақсаты: оқушылар алған білімдерін еске түсіреді, тарихи білімнің маңыздылығын анықтайды, бірлесе жұмыс жасау қабілеттері дамиды, жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шеберлігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілеттерін арттырады.Міндеттері:Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шыңдау;Сөздік қорын,ойлау қабілеттерін арттыру;Отан тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;

    Тарих күнінің «1917 жылғы революцияларға 100 атты» конференциямен аяқталды.

    Тарих пәнінің мұғалімі Елеуова А.А.

  • Соңғы өзгерістер

    28/10/2015

    Данные из программы aSc Расписания были обновлены

Жаңалықтар

Байланыс

  • "Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты" КММ
    Қобыланды батыр даң, 31.
  • (8-7142) 55-04-11