СІЛТЕМЕ

  • Обновление данных

    Данные из программы aSc Расписания были обновлены
  • !!!

    Уважаемые родители и дорогие ученики 6-ых классов!

    В условиях карантина по предупреждению распространения коронавирусной инфекции в период пандемии прием документов в лицей «Білім-Инновация» осуществляется онлайн – с 15 мая по 17 июня 2020 года. Законные представители Претендента заполняют онлайн-форму и заявление на конкурс по ссылке www.bilemtihan.kz. Для участия в конкурсе требуются следующие документы:
    1.Заявление от родителей или иных законных представителей претендента (согласно форме);
    2.Копия свидетельства о рождении претендента с указанием ИИН;
    3.Фотография 3х4.
    Оригиналы документов не требуются.

    Вступительный экзамен состоит из 2 этапов:
    1. Сроки проведения первого тура: 18-19 июня 2020 года. В первом туре Претендент сдает экзамен по предмету: математика и логика, казахский язык, история Казахстана. Результаты первого тура тестирования будут объявлены приемной комиссией 25 июня 2020 года онлайн. Родители смогут увидеть результаты по индивидуальному коду по ссылке www.bilemtihan.kz
    2. Сроки проведения второго тура: 28 июня 2020 года. Во второй тур проходят Претенденты, набравшие высшие баллы по итогам первого тура, согласно квоте приема данного БИЛ. Задания второго тура состоят из 75 вопросов. Во втором туре будут те же предметы, только более углубленные вопросы. Результаты второго тура конкурса будут объявлены 6 июля 2020 года. Родители смогут увидеть результаты по индивидуальному коду по ссылке www.bilemtihan.kz Прием документов осуществляется только в ОНЛАЙН режиме. Во время сдачи вступительных экзаменов в лицеях "Білім-Инновация", будут соблюдены все санитарные нормы с обеспечением необходимой дистанции между учениками. Также в непосредственной близости будут установлены антисептики.
     

     

  • ХАБАРЛАМА

    Құрметті ата-аналар, 6-сынып оқушылары!

    “Білім-Инновация” лицейлеріне құжаттарды қабылдау рәсімі 2020 жылғы 15 мамыр мен 17 маусымға дейін онлайн түрде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз! Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермес үшін, үміткерлерді тіркеу онлайн түрде өтеді.

    Үміткердің заңды өкілдері онлайн-форманы және www.bilemtihan.kz сілтеме бойынша қабылдау емтиханына қатысу өтінішін толтырады.

    Қабылдау емтиханына қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:
    1)Үміткердің ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (форма бойынша);
    2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН(ИИН);
    3) фотосурет 3х4.

    Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді!

    Қабылдау емтиханы 2 кезеңнен тұрады:
    1-кезең. 2020 жылдың 18-19 маусым күндері өтеді. Бірінші кезеңде Үміткер математика және логика сұрақтары, қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәнінен тесттік сұрақтардан тұратын емтихан тапсырады. 1-кезең нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2020 жылдың 25 маусымында онлайн түрде жариялайды. Ата-аналар сайтта өздерінің жеке коды бойынша нәтижелерін көре алады.

    2-кезең. 2020 жылғы 28 маусым күні өтеді. Оған 1-кезеңде қабылдау квотасы бойынша жоғары ұпай жинаған Үміткерлер жіберіледі. 2-кезеңнің емтихан тапсырмалары 1-кезеңдегі пәндер бойынша, 75 тесттік сұрақтан тұрады. 2-кезең нәтижелері 2020 жылғы 6 шілдеде www.bilemtihan.kz сайтында жарияланады.

    Құжаттарды қабылдау ғана ОНЛАЙН түрде өтеді. Үміткер қабылдау емтиханы кезінде "Білім-инновация" лицейлеріне келіп, емтихан тапсырмаларын орындайды. Қабылдау емтиханы кезінде барлық санитарлық талаптар мен оқушылар арасындағы қашықтық сақталып, тері антисептиктері көзге көрінетін және қол жетімді орындарда орнатылады. Баршаңызға сәттілік!

     

  • ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

    Ата-аналар мен оқушылар назарына!

  • Хабарлама

     

    Құрметті Қостанай облысы мектеп оқушыларының ата-аналары!

     

    2020 жылға 6 сәуірде облысымыздың барлық мектептері қашықтықтан оқытуға көшіуіне байланысты Сізден Қостанай облысы ата-аналарының сараптамалық-консультативтік кеңесі келесі мәселелерді өтінеді.

    Карантин жағдайында қашықтықтан оқу түрі осы оқу жылын сәтті аяқтаудың жалғыз мүмкіндігі болып отыр. Қазір барлығымызға да оңай емес.

    Біздің ұстаздар қауымына одан да қиын. Қысқа уақыт ішінде қашықтықтан білім беру үдерісін ұйымдастыру-бұл өте қиын міндет. Бірақ, мұғалімдерімізге оқу жүктемесінен басқа ата-аналардың сұрақтары мен өтініштерін  реттей отырып , олармен көп жұмыс істеуге тура келеді. Біз барлық ата-аналардан  мұғалімдерімен қарым-қатынаста әрдайым табандылық, шыдамдылық, өзара түсіністік танытуын сұраймыз.

    Виртуалды ортаның өсу әсері жағдайында әлеуметтік, бейвербальдік, эмоциялық байланыстары айтарлықтай қысқарған мектеп оқушыларына да оңай емес. Осы уақытқа дейін біздің балаларымыз үшін мектеп пен қосымша білім беру ұйымдары пайдалы білім алу ордалары болды, бірақ бүгінгі күні балаларымызды гаджеттерге тәуелді  етуге тәуекел етудеміз. Цифрлық аутизм қоғамда ең қорқынышты пандемиядан да тезірек таралады. Одан аман қалу-тек отбасында ғана. Енді тек біз, ата-аналар, балалардың әлеуметтік кеңістігін ұйымдастыруға жауаптымыз. Біздің міндетіміз-қазіргі заманғы техникалық құралдардың балаларымызға достарын, педагогтарды және бізді ауыстырмай, білім алатын құрал болып есептелетінін ұйымдастыруымыз қажет.

    Құрметті ата-аналар! Болып жатқан жағдайға бәрімізде алаңдаулымыз. Бұл өзгерістерді қабылдау қалыпты. Бірақ,  бүгін біз үшін ортақ жауапкершілік қажет. Өйткені қашықтықтан оқытуға уақытша көшу үдерісінен біздің балаларымыздың қиындықсыз өтуі тек екі институттың көмегімен ғана жүзеге асады. Бұл-отбасы мен мектеп. Олар бір-бірімен толық, үздіксіз және сапалы жұмыс жасап, өзара іс-қимыл жасауы арқылы жетістікке жете аламыз.

    Қостанай облысы ата-аналарының сараптамалық-консультативтік кеңесі бұл сынақты тек отбасы институты ғана емес, сонымен қатар отбасы мен мектептің әріптестік қарым-қатынасын күшейтеді деген сенімдеміз!

     

     

    Қостанай облысы ата-аналарының

    сараптамалық-консультативтік кеңесі

    денсаулық, амандық және  

    оқу жылын сәтті аяқтауды тілейді.

     

    Уважаемые родители учащихся школ Костанайской области!

     

    К вам обращается экспертно-консультативный Совет родителей Костанайской области в связи с тем, что с 6 апреля 2020 года все школы нашей области переходят на дистанционное обучение. В условиях карантина эта форма обучения становится единственной возможностью успешно завершить этот учебный год. И всем нам сегодня достаточно непросто.

    Намного сложнее учителям наших детей. Организовать за короткий промежуток времени дистанционный образовательный процесс – это очень непростая задача. Но! Кроме учебной нагрузки нашим учителям приходится много работать с родителями, реагируя на их вопросы и  просьбы. Мы просим всех родителей в общении с учителями своих детей всегда проявлять такт, выдержку, стремление к взаимопониманию.

    Не просто сегодня  и школьникам, нашим детям, у которых значительно сократились социальные, невербальные, эмоциональные связи в условиях нарастающего влияния виртуальной среды. До сих пор альтернативной здоровой реальностью для наших детей была школа и организации дополнительного образования, но сегодня их присутствие ограничено, и мы рискуем потерять детей в гаджетах. Цифровой аутизм распространяется в обществе быстрее самой страшной пандемии. И спасение от него - только в семье. Теперь только мы, родители, ответственны за организацию социального пространства наших детей. Наша задача организовать его так, чтобы современные технические средства остались только средствами для получения знаний, а не заменили нашим детям друзей, педагогов и нас с вами.

    Уважаемые родители! Нам всем тревожно, нас всех мучают сомнения. Это нормальное восприятие перемен. Но сегодня, как никогда нам нужна солидарная ответственность. Ведь сделать так, чтобы процесс временного перехода на дистанционное обучение прошел безболезненно для наших детей могут только два института – это семья и школа при условии полного, непрерывного и качественного взаимодействия друг с другом.

    Экспертно-консультативный Совет  родителей Костанайской области уверен, что вместе мы все преодолеем, что это испытание усилит не только институт семьи, но и партнерское взаимодействие семьи и школы.

     

     

    С пожеланиями здоровья, благополучия

    и успешного завершения учебного года

    экспертно-консультативный

    Совет родителей Костанайской области

     

     

     

     

  • Қашықтықтан оқыту бойынша жедел желі

  • ВАЖНО

  • Мұғалім ата-аналар кездесуі (7-8 сыныптар)

    Мұғалім ата-аналар кездесуі (7-8 сыныптар)
    04/03/2017

    Өткен апта бастауын алған ата-аналардың пән мұғалімдерімен кездесуі бүгін өз жалғасын тапты. Осындай жиналыстар әр ата-ана үшін баласының пән бойынша ағымдағы сабақ үлгерімі туралы анықтама алу үшін зор мүмкіндік. Жарқын жүзді ұстаздар ата-аналарға өз балалары жөнінде жеке-жеке мәлімет берді.

    Келген ата-аналар лицей әкімшілігіне және мұғалімдеріне алғыстарын білдіріп,кәсіптерінде сәттілік тіледі. 

  • 9 Серілері (9 "С" көңіл кеші)

    9 Серілері (9 "С" көңіл кеші)
    02/03/2017

    Кешкісін лицей көрермендері тағы бір керемет көңіл кешінің күәгері болды.9 "С" сыныбы оқушыларының орындауында шырқалған ән,көрсетілген видеолар қонақтар көңілінен шықты. Жаңа би попурриі және қызықты ойындар да назарға ұсынылды.Концерт соңында мектеп оқушылары дәстүрлі лицей әнін бірге орындап, келген ата-аналар ыстық лебіздерін білдірді.

    Лицей әкімшілігі 9 "С" сынып жетекшісі Интыкбеков Айдынға және сынып оқушыларына алғыс білдіреді.

     

  • Мұғалім ата - аналар кездесуі (9-11 сыныптар)

    Мұғалім ата - аналар кездесуі    (9-11 сыныптар)
    25/02/2017

    Бүгін лицейімізде 9,10,11-сыныптардың ата-аналары мұғалімдермен кездесу өткізді.Кездесу барысында әр ата-ана әр пән мұғалімінен өздерінің балаларының оқу үлгерімі туралы жеке мәлімет алды. Дәстүрге айналған бұл кездесу түрін ата - аналарымыз асыға күтеді.

    Келесі апта мұғалім ата-ана кездесуі 7-8 -сыныптар үшін өтеді.

  • «Дарын жұлдыздары»

    «Дарын жұлдыздары»
    24/02/2017

    Дарынды балаларға арналған оқу ордалары арасында жыл сайын өткізілу дәстүрге айналған «Дарын жұлдыздары» сайысы 24 ақпан күні өз мәресіне жетті. Футбол, волейбол, көңілді старт, теннис, шахмат, тоғызқұмалақ, интеллектуалды ойын, көңілді тапқырлар сайысы, би жарысы, бейнероликтер байқауы бойынша дарынды балаларға арналған мектептердің дарынды оқушылары сайысқа түсті. «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен болған іс-шараға «Дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты», «Дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты», «Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты» оқушылары мен мұғалімдері, ата-аналар іс-шараға белсенді қатысып, жауапкершілік танытты. Іс-шараның жабылу салтанатты жиынында белсенді қатысқан оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар марапатталды. Нәтиже бойынша:

    Дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты - ІІІ орын,

    Дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты - ІІ орын,

    Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты - І орынды иеленді.

  • Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер (9 "Б" көңіл кеші)

    Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер    (9 "Б" көңіл кеші)
    23/02/2017

    Қазан айынан бастап әр сынып лицей назарына өз көңіл кештерін көрсетуде.Бүгін кезек бойынша өз өнерлерін 9 "Б" сынып оқушылары ортаға салды.Олар түрлі ән айтып,би билеп келген қонақтардың көңілдерін көтерді.Мағынаға толы видеолары да ата-аналарға ұнады.

    Лицей әкімшілігі 9 "Б" сынып жетекшісі Маратов Алиға және сынып оқушыларына алғыс білдіреді.

  • "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасы
    18/02/2017

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының бастауымен және «Қостанай дарыны» ӨҒПО ұйымдастыруымен лицейімізде  «Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Облысымыздың барлық аймақтарынан келген 218 жас өрендер 5 бағыт бойынша өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар мен қонақтар қазақ тілі олимпиадасының жоғары деңгейде өткендігін атап өтті. Олимпиада жеңімпаздаздары республикалық кезеңге жолдама алды. 

  • Dance Crew (Би жарысы)

    Dance Crew (Би жарысы)
    10/02/2017

    Ақпан айының 10-жұлдызында лицейімізде сыныптар арасында би жарысы өтті.Оқушылар түрлі стильде би өнерлерін көрсетті.Сайыс жоғары деңгейде өтті.Нәтижесінде 1-орынды 9 А сыныбының бишілері иеленсе,9 Д сынып оқушылары 2-орынға ие болды,ал үздік үштік қатарынан 8 А сыныбы көрінді.Апта соңында орын алған сыныптар марапатталды.

  • Ағаға құрмет, ініге ізет (Тәрбиешілер күні)

    Ағаға құрмет, ініге ізет (Тәрбиешілер күні)
    15/02/2017

    "Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы" деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, құстың қос қанатындай білім мен тәрбиені қатар үйрететін оқу ордамызда лицей парламентінің ұйымдастыруымен тәрбиешілер күні аталып өтті. Оқушылар тәрбиешілерге деген ыстық ықыласы мен құрметін ән-жырмен, би-күймен, әзіл-ойынмен білдіріп, көрермендерге мерекелі көңіл-күй сыйлады. Аталмыш іс-шараға ата-аналар комитеті мүшесі Меңдігүл Болатқызы құттықтау сөз айтып, оқушылар сыйлықтарын сыйлады. 
    Тәрбиешілерге әрдайым қажырлы қайрат пен ерен еңбектері жана берсін демекпіз.

  • "Біз өз парызымызды өтедік" (Ардагермен кездесу)

    "Біз өз парызымызды өтедік" (Ардагермен кездесу)
    13/02/2017

    Кеңес әскерінің Ауғанстан елінен шыққанына 28 жыл толуына байланысты ерлік сабағы өтті.Сабақта интернационалист жауынгер Сәкен Сақиұлы Шаймуханов өз естеліктерімен бөлісті.

  • «Спорт - денсаулық кепілі» (Воллейбол жарысы)

    «Спорт - денсаулық кепілі» (Воллейбол жарысы)
    11/02/2017

    «Спорт - денсаулық кепілі » дегендей, лицейімізде 6-10 ақпан күндері 7-8 сынып оқушылары арасында волейбол жарысы өткізілді. Жарыс айналмалы түрде өтті. Сайыс нәтижесі бойынша 8 «с» сыныбы 3 орынға ие болса, тартысты финал ойынында 8 «а» сыныбы мен 8 «б» сыныптары ойнады . 8 «б» сыныбы 2 орынды иеленіп, 8 «а» сыныбы жеңімпаз атанды .Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

  • Табысқа апарар жол

    Табысқа апарар жол
    03/02/2017

    «Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатын» аяқтап,  бүгінгі күні өз болашағын мықтап қалаған жастар жетерлік. Солардың бірі 2000 жылы лицейді бітіріп, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің экономика мамандығы бойынша білім алып, қазіргі таңда HYUNDAI автокөлік орталығының директоры қызметінде отырған Ахметкалиев Даулет пен лицейіміздің 9-11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Лицей оқушыларын өзінің іс-тәжірибесімен, жұмыс жоспарымен, алдағы қойған мақсаттарымен таныстырып, оқушыларға алдағы өмірге деген сенімділік берді. Қолдарынан барлығы келетініне ынталандырды. Оқушылар ынталандыру үшін не істеу керек, қазіргі таңдағы танымал мамандықтар, табысты болу үшін не істеу керек деген сұрақтарға қонақтың ой-пікірін біліп, ақылын тыңдады. Қазіргі таңдағы танымал мамандықтар мен кәсіптік бағдар бойынша кеңес алды. Болған кездесуден оқушылар өте жақсы әсермен қайтты, осындай әсер қалдыра білген лицей түлегі Даулет Ахметкалиевке өз алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

  • «Дарын жұлдыздары» байқауында спорттық сайыстар

    «Дарын жұлдыздары» байқауында спорттық сайыстар
    25/01/2017

    Дарынды балаларға арналған білім беру мекемелерінің арасында жыл сайын дәстүрге айналған спорттық сайыстар, интеллектуалды ойындар мен көңілділер мен тапқырлар клубы, би жарысы шеңберінде «Дарын жұлдыздары» байқауы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

             Белгіленген жоспар бойынша 17.01.2017 күні «Дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты», «Дарынды балаларға арналған Озат мектеп-интернаты» және «Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты» арасында оқушылар мен ата-аналардан құралған командалар арасында көңілді старт спорттық сайысы өтті. Әділқазылар алқасы белгіленіп, І-орынды Ы. Алтысарин мектебі, ІІ-орынды қазақ-түрік лицейі,       ІІІ орын Озат мектебі иеленді.

             Қаңтар айының 18-19-ы күндері  8-9, 10-11  сынып оқушылары арасында өткен футбол жарысында І-орын қазақ-түрік лицейі командасының қоржынында болды.

             20-сыншы қаңтар күні волейбол және үстел теннисі бойынша дарынды балаларға арналған мектеп оқушылары сайысқа түсті. Сайыс нәтежесі бойынша волейбол ойынында І-орын қазақ-түрік лицейі, үстел теннисі бойынша І-орын қазақ-түрік лицейі иеленді.

             Қаңтардың 25-і күні шахмат және тоғызқұмалақ ойындары бойынша командада 6 оқушыдан қатысып, лицейіміздің шахмат ойыншылары командасы  І-орын, тоғызқұмалақ ойыншылары командасы ІІ-орынды иеленді.

  • Мәңгілік ел болашағы – адал ұрпақта (Қазақ тілі пәні күні)

    Мәңгілік ел болашағы – адал ұрпақта (Қазақ тілі пәні күні)
    30/01/2017

    Қазақ тілі пәндік әдістемелік бірлестігінің ұйымдстыруымен қаңтар айының 30-ы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні күні өтті. Пән күнінің  іс-шара жоспары алдын-ала жоспарланып, бекітілді. Пән күнінде әдістемелік бірлестік мұғалімдері «Мәңгілік ел болашағы – адал ұрпақта» тақырыбында дебат ұйымдастырды. Дебат турнирінің мақсаты: лицей  оқушыларының арасында дебат ойынын дамыта отыра, оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және көшбасшылықты дамыту.  Дебатқа 9-сынып оқушыларынан  Куркулов Ербол, Саганбаев Санжар, Болатов Мирас, Сейдегалиев Торегали және 8-сынып оқушыларынан Абеуов Асылхан, Муратов Сәрсен қатысты. Дебатқа екі команданың да  спикерлері өте жақсы дайындықпен келген. Басқа оқушылар да шеберліктерін көрсетіп, өте тамаша дебат ойыны өтті. Сонымен қатар «Тіл туралы Заңның орындалуы: кемшіліктер мен жетістіктер» туралы  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Ана тіліміздің дамып, өсуіне үлес қосу,  оқушылардың арасында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, өзара қазақ тілінде қарым-қатынас жасауын күшейтуге ықпал ету, аудармаға қатты назар аудару, қазақ тілін немқұрайлы аударуға жол бермеу. Іс-шара барысында “Тіл -халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”  тақырыбында «Тіл туралы» Заңның тарауларына тоқталып,  Елбасы Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы айтқан  ойларын ортаға салып, өз пікірлерін Қадер Бекзат және Жанахметов Бекжан баяндама арқылы жеткізді. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «Солтүстік Қазақстан  өңірлеріндегі жарнамаларда кезедесетін қателер» тақырыбында қорғалатын оқушылар жобасына кезек беріліп, ой қозғалды.  Пән күні аясында   мемлекеттік тілдегі жарнамалардың сауатты жазылуын жолға қою үшін лицейіміздің бірінші қабатында «Қате жарнамалар жәрмеңкесі» жүргізілді.Біздің елімізде мемлекеттік тілді құрметтеу - әрбір азаматтың парызы. Жалпы мемлекеттік тілге құрмет – елге деген құрмет екендігін ұмытуға болмайды. Оқушылар арасында тіл мәртебесі, яғни қазақ тілі Қазақстан елінің мемлекеттік тілінің  қаншалықты дәрежеге көтерілгені жөнінде әңгімелер жүргізілді. Аталған іс-шараға қатысқан оқушылар жақсы дайындалған. Іс-шарада патриоттық тұрғыда, тәрбиелік мәнге көп көңіл бөлінді. Жалпы алғанда пән күні өз мақсатына жетті

    Орындаған: қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Жұлдыз Успанова.

Жаңалықтар

Байланыс

  • "Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты" КММ
    Қобыланды батыр даң, 31.
  • (8-7142) 55-04-11